Экономика

Банк басшыларына берілген 4 млрд сыйақы. Әділетсіздік емес пе, Досаев мырза?

Несиенің артық пайызы банк басшыларының қылтасына кетіп жатыр...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жақында ғана елдегі екінші деңгейлі банк басшыларына берілген сыйақылардың көлемі жария етілген болатын. Бас айналдырып, тіл күрмейтін бұл сомалар банкке басшылық жасап жүрген байшыкештердің жылдық сыйақылары көрінеді. 2018 жылдың қорытынды есебі осылай түзіліпті. Өздеріңіз қарап көріңіздер:

1. НұрБанк

117 572 886,31 теңге.

Бұл банктің 6 басқарма мүшесінің жылдық сыйақысы.

2. Тенгри Банк

163 551 954,91 теңге сыйақы.

Бұл аталған банктің 3 басқарма мүшесіне берілген жылдық сыйақы сомасы.

3.ВТБ Банк

179 058 581,81 теңге.

Бұл банктің 5 басқарма мүшесінің жылдық сыйақысы.

4.Центркредит Банк

189 614 666,00 теңге.

Бұл банктің 5 басқарма мүшесінің жылдық сыйақысы.

5.Capital Bank

307 212 608,00 теңге.

Бұл банктің 6 басқарма мүшесінің 2018 жылғы жылдық сыйақысы.

6.RBK Bank

310 311 452,15 теңге.

Бұл банктің 4 басқарма мүшесінің жылдық сыйақысы.

7.Jysan Bank

361 046 405,81 теңге.

Бұл банктің 13 басқарма мүшесіне берілген жылдық сыйақы.

8.АТФ Банк

491 344 751,91 теңге.

Бұл банктің 6 басқарма мүшесінің жылдық сыйақысы.

9.Альфа Банк

646 186 000,00 теңге.

Бұл банктің 5 басқарма мүшесіне берілген жылдық сыйақы.

10.Еуразиялық Банк

866 641 590,87 теңге.

Бұл банктің 10 басқарма мүшесінің жылдық сыйақысы.

11.Сбербанк Қазақстан

1 695 275 289,70 теңге.

Бұл банктің 5 басқарма мүшесіне берілген жылдық сыйақы.

12.Fortebank

1 733 619 921,00 теңге.

Бұл банктің 5 басқарма мүшесінің жылдық сыйақысы.

13.Халық Банк

2 525 350 896,00 теңге.

Бұл Халық банктің 14 басқарма мүшесіне 2018 жылы берілген сыйақы сомасы.

14.Каспий Банк

4 826 415 945,24 теңге.

Бұл банктің 4 басқарма мүшесінің жылдық сыйақысы.

***

Түйін. Қарапайым жұрттың, халықтың материалдық жағдайы миллиардтап сыйақы алатын әлгі анау банктегі басшылардікіндей біркелкі керемет емес. Банк басшылары осыны ескергені абзал!

Қазір Үкімет көп балалы аналарға берілетін 21 мың теңге жәрдемақының жолын таппай бас қатырып жатқаны және бар. Мемлекеттің қалтасы жұқаратын болды деп айқайлайтын жоғарғы билік, ары ойланып, бері ойланып, ақыры айла тапқан болыпты. Үкіметтің бұл ісіне наразы жұрт өз пікірін ашық алаңдарда айтуда.  Қазір ел іші алағай да бұлағай күйде. Ел толқуының жалғыз себебі – әлеуметтік теңсіздік һәм әділетсіздік. Көп балалы аналар Үкіметтен 21 мың теңге ала алмай сандалып жүргенде, бір банктің 4 басшысы 4 миллиард теңгені өзара сыйақы қылып бөлісіп жатса, әділетсіздік емей немене?! Ел іші тегі осындай теңсіздіктен бүлінеді! Дау осындайдан басталады, Досаев мырза!

Біз бұрынғы министр Ерболат Досаевқа қарата сөз айттық. Өйткені, Ұлттық банктің қазіргі тізгіншісі дәл осы Досаев. Жоғарыдағы сұмдық сандар, әуелі әділетсіз сандар әлеуметтік араздықты тудырмасына сіз кепіл бола аласыз ба? Әлде, сіздің бақылауыңыздағы екінші деңгейлі банктердің басшылары ма? Жауап беруіңіз керек!

Abai.kz