Bugin
Серіктесі өлтіріп кеткен
Шымкент қаласының Полиция департаменті 19 шілде күні беделді бизнесменді үйінің алдында атып кеткен күдіктінің 7 қыркүйек күні ұсталғанын хабарлады.
Күдікті Түркістан облысының тұрғыны екен.
- Тергеу барысында кәсіпкерді оның серіктесі адам жалдап өлтірмек болғаны белгілі болды. Кісі өліміне тапсырыс берген азамат 25 шілде күні ұсталып, кінәсін мойындады, - деп хабарлайды департамент.
Ал серіктесінің мұндай қадамға баруына ортақ фирманың табысынан түскен ақшаның көбін марқұм азамат жұмсап жібергені себеп болған. Тергеу әлі жалғасуда.
Кәсіпкердің өзі Шымкент қаласына белгілі адам. Ал оның мініп жүрген Lexus-570 көлігі – жаңадан шыққан су жаңа көліктердің бірі.