Hi-Tech

Apple компаниясы жаңа iPhone-ның тұсаукесерін YouTube-те көрсетеді

Бұған дейін тұтынушылар жаңа iPhone-ның тұсаукесерінен Safari браузері және Apple TV-дан ғана көре алатын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ертең, 10 қыркүйекте, Apple жаңа iPhone смартфондарының қыркүйек айындағы тұсаукесерін өткізеді. Бұл туралы ITC.ua порталы хабарлады.

- Биыл купертин алпауытының жанкүйерлері мен жек көрушілеріне iPhone 11 сериясының жарнамасын көру оңайырақ болмақ. Тарихта тұңғыш рет компанияның жылдың басты оқиғасы және ғаламдық IT индустриядағы маңызды оқиғалардың бірі Google-ге тиесілі YouTube-тің танымал стримингтік сервисінде көрсетілетін болады, - делінген хабарламада.

Бұрын Apple-дің тұсаукесерін Apple веб-сайтында Safari браузері мен Apple TV приставкалары арқылы тікелей көруге болатындығы айтылған. 2015 жылы Edge браузерінің қолдауы, ал 2018 жылдан бастап Chrome және Firefox қосылды. Өткен жылдан бастап Apple өзінің іс-шараларын Twitter арқылы да көрсете бастады.

- Apple ақыры Youtube-та презентацияны тікелей эфирде ұйымдастыруды ұйғарды, осылайша шараға қосылуға және оны нақты уақытта көргісі келетіндердің барлығын қамтамасыз етеді, - деп атап өтті басылым.