Саясат
Мемлекет басшысы белгілі ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдады
"Елбасымыз Қазақстанның Еңбек ері мәртебелі атағымен марапаттаған, белгілі ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдадым. Қатерлі ісіктерді, ми тамырлары мен функционалды дерттерді емдеуге арналған "Гамма-пышақ" атты бірегей қондырғының жақында іске қосылатыны жөнінде мәлім етті", - деп жазды Тоқаев.
Бұған дейін Ақшолақов "гамма-пышақ" туралы Қазақстан нейрохирургтері IV конгресінің кулуарында айтқан еді.
"Алдағы он жылда алдымызға мүлде басқа міндеттер қойып отырмыз. Бұл заманауи технологияларды енгізу, соның ішінде Gamma Knife (гамма-пышақ) радиохирургиялық әдісімен ми ісіктері мен ми қан тамырлары ауруларын емдеу. Бұл науқастарды компьютерлік әдіспен сәулелендіру. Науқас 30-40 минут ішінде жазылып кетеді. 2019 жылы бұл әдісті енгізуді көздеп отырмыз", - деген болатын ол "Казахстанская правда" басылымына берген сұқбатында.