Bugin

«Қазақмыстың» басшысы Америкадағы үйін сатпақ

Владимир Кимнің оң қолы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай Лос-Анджелестегі үйін сатпақшы. Бұл туралы америкалық Variety басылымы хабарлап отыр.

Басылымның хабарлауынша, «Қазақмыстың» басшысы Беверли парктегі үйін $30 мыңға бағалап отыр екен.

Аталмыш аудан Лос-Анжелестегі ең қымбат әрі күзеті мықты аудандардың біріне жатады. Қазіргі уақытта бұл ауданда тауды бөктерлей орналасқан 73 үй бар. Соның бірі – қазақстандық олигархтың үйі болып шықты.

- Беверли Парктегі үйлердің көпшілігі шетеліктердің қолында екендігі белгілі. Жақында ғана сатылымға шыққан, құны $30 мыңға тең, тоскана стилінде салынған үйдің қазақстандық олигархқа, Эдуард Огайға тиесілі екендігі белгілі болды, - деп жазады басылым.

Огайдың «Қазақмыстан» түсетін жылдық табысы $3 миллиардқа тең. Қазақмыстан өндірілетін бағалы минералдар Шығыс Еуропада өндірілетін мөлшерден асып түседі.

- Эдуард Огай – Қазақстандағы ең танымал адамдардың бірі, мультимиллионер Владимир Кимнің оң қолы, - деп өтеді басылым.

Басылымның хабарлауына қарағанда, 2014 жылы Огай мен әйелі екеуі АҚШ-тағы бұл зәулім сарайын, шамамен, 40 млн $ сатып алған екен. 1 мың шаршы метрлік үйде 10 жатын бөлме мен 16 ванна бар.

Елу жастағы бизнесмен  Форбс журналының 50 бай кәсіпкері тізіміне кірген. 2016 жылы оның дәулеті 61 000 000 $ бағаланған.

ҚазТаг