Денсаулық
Дәрігерлер әйелдерге косметиканы мұқият тазалауды ұсынады
Ауруханаға қаралған Қытайдағы Хубэй провинциясының тұрғынының кірпігінен ұсақ паразиттер – көзге көрінбейтін кенелер табылды. Дәрігерге келген 32 жастағы әйел кірпіктерінің түсіп, көзінің жиі тітіркенетінін айтып шағымданған. Дәрігерге қаралмағанына да жарты жылдай уақыт болған екен. Өзі емделіп көргенімен, емі қонбаған көрінеді.
Ал әйелдің кірпік тұсын тексеріп, микроскоппен қараған дәрігерлер ол жерден паразиттер ордасын тапқан. Оны әйелдің өзіне көрсеткен кезде, қатты шошып кеткен екен.
Дәрігерлердің айтуынша, кенелердің пайда болу себебі дұрыс күтім болмағандықтан: әйел ұйықтар алдында макияжды толығымен тазаламаған, тіпті кейде мүлдем сүртпей ұйықтап жата берген.
Өлі терілер мен косметикадан қалған қалдықтар безеуді көбейту үшін «жайлы» жағдай жасаған. Бұл паразиттер адамдардың денсаулығына қауіпті емес, бірақ терінің түтіліп, тітіркенуіне әкеледі.
Күн ыстықта кенелер тез көбейеді: бір кірпікте 36 паразитке дейін өмір сүре алады.
Егер әйел емделуден тартынса, кірпіктердің қабынуы бүкіл көзге таралады дейді дәрігерлер. Бұл блефарит пен конъюнктивитке әкелуі мүмкін еді.
Сондықтан дәрігерлер нәзік жандылардан макияж жасаған кезде, оның күтімі мен тазалығына мән беруін өтінуде. Көз бен кірпіктің астына мұқият жуып жүрген жөн.