Саясат

Солтүстік Корея АҚШ-пен ядролық келіссөздерді «тағы бастауға» дайын

«Бетпе-бет» отыруға дайын екендігін жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Солтүстік Корея осы айдың соңында АҚШ-пен ядролық қарудан бас тарту туралы келіссөздерді қайта бастауға дайын" деді елдің сыртқы істер министрінің орынбасары.

Чхве Сон Хи екі жақ келіскен ортада «жан-жақты» пікірталастарды қайта бастауға дайын екендіктерін айтты, деп хабарлайды BB.Com.

Оның мәлімдемесі АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео келіссөздердің қайта жандануына үміт білдіргенінен кейін ғана айтылды.

Чхве  ханым сөйлегеннен бірнеше сағат өткеннен кейін Солтүстік Кореядан екі қысқа қашықтықтағы снаряд атылды. Бұл - соңғы сынақтардың бірі. 

· Солтүстік Кореяның ядролық зымыран бағдарламасы

· 300 сөз дағдарысы

· Зымыран ұшыру - Оңтүстік Корея үшін «ескерту»

Өткен жылы өздерінің алғашқы кездесуінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Корея түбегін «толығымен ядролық қарудан» шығаруға келіскен болатын, бірақ бұл нені білдіреді немесе бұған қалай қол жеткізуге болатынын айқындамаған еді.

Нақтырақ талқылау ақпан айында Ханойдағы екінші саммит кезінде тоқтатылды.

Дүйсенбіде Чхве  ханым Солтүстік Корея қыркүйек айының соңында келісілген уақытта және белгіленген жерде қайта «бетпе-бет» отыруға дайын екендігін айтты.

Өз мәлімдемесінде ол Вашингтонды келісімді сақтау үшін жаңа тәсіл ұсынуға шақырды.

- Мен америкалық тарап екі жақтың мүдделеріне жауап беретін және біз үшін қолайлы болатын есептеу әдісіне негізделген балама ойлап табатынына сенгім келеді, - деді Чхве Сон Хи.