Bugin

Тоқаев Қытай телеарнасына сұхбат берді

Әлемдегі Қытайдың рөлі жайлы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мұны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабардар етті.

- Мемлекет басшысы қазақ-қытай қатынастарының даму перспективаларына қатысты өзінің ой-пікірімен бөлісті.

Күн тәртібіндегі екіжақты мәселелерден бөлек, қытайлық журналистерді Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі халықаралық қатынастардағы Қытайдың рөліне, ҚХР-ның 70 жылдық мерейтойы қарсаңындағы жетістіктеріне берген бағасы аса қатты қызықтырды. Сондай-ақ, Президент өзге де жеке мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді, - деп жазды Уәли.

Ал сұхбаттің өзі CCTV телеарнасының эфирінен көрсетіледі.