Bugin
Жолдау аясында
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАдамға жасалған ауыр қылмыстарға қолданылатын жаза түрлерін күшейту үшін 6 заң жобасын қабылдау жоспарланып отыр. Үкімет отырысында сөз сөйлеген мұны ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты.
Үкімет мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауы негізінде "Конструктивті қоғамдық диалог – Қазақстанның дамуы мен гүлденуінің негізі" атты жоспар құрып шыққан екен.
- Жалпыұлттық жоспарға 5 бағыт бойынша 81 іс-шара қосылған. Ал жоспарға қосылған басты бағыттардың бірі – азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аталмыш бағыттың аясында сот шешімін жетілдіру, әкімшілік полиция комитетін жаңадан жасақтау, сот тәжірибесін сандық талдау жүйесін іске қосу сынды іс-шаралар жасалады, - дейді Смайылов.
Аталған бағыттың аясында аса ауыр қылмыстарға қолданылатын жаза түрлерін күшейту үшін, 6 заң жобасын қабылдау туралы жоспарланып отыр. Мұндай қылмыстардың қатарына жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық, заңсыз аң аулау, жемқорлық жатады.
- 2020 жылға дейін Қарулы күштерді дамыту мен әскерді жасақтаудың жаңа Тұжырымдамасы дайындалады, - дейді орынбасар.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61