Экономика

Қазақстанда депозиттің мөлшерлемесі көбейді

Ұлттық банктің мәлімдемесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кеше, 9 қыркүйек, Ұлттық Банк базалық мөлшерлеменің 9%-дан 9,25%-ға дейін көтерілгенін жариялады, деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

- Өзгерістер бүгін, 10 қыркүйекте күшіне енеді, бірақ екінші деңгейдегі банктер депозиттер бойынша қолданыстағы мөлшерлемелерді бұрынғы деңгейде сақтауға немесе оларды кейінірек арттыруға құқылы, - деп хабарлайды қор.

 Алайда кейбір мамандар депозиттің мөлшерлемесі қанша өссе де, қарапайым азаматтарға тиетін пайдасының аз екенін айтады. Өйткені Ұлттық банк елде инфляцияның өсіп кетуіне байланысты депозиттің де мөлшерлемесін өсіріп отыр. 

- Бір сөзбен айтқанда, депозиттің мөлшерлемесі жоғары болған сайын, несиенің де пайызы "жоғарылай" береді, - деп түсіндірді Қазақстандағы EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев.