Weekend

70 жыл сайын: Қазақстанды 2061 жылдары не күтіп тұр?

Қайта дәуірлеу

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1991 жылдан бастап Тәуелсіз мемлекет ретінде тарих сахнасына енген Қазақ елінің кешегі өткені мен бүгінгі даму сатысына үңіліп қарайтын болсақ, үлкен қасірет пен қайта өрлеу дәуірлерін бастап кештік.

Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы қазақ мемлекетінің хронологиясына үңіле отырып, әр 70 жыл сайын даму үстінде болған қазақ елінің жылнамасына шолу жасады. Жасалған зерттеу нәтижесінде «70 жыл бодан» деген түсініктен басқа, «70 жыл сайын қайта өрлеу» кезеңін де басынан өткергенін білеміз бе?

2061 жылдарға қарай Қазақ елін не күтіп тұр?

XI ғасырдан бастау алатын Қыпшақ хандығының күші мен қуатын есепке алып, елдің даму және құрылу кезеңіне үңілер болсақ, төмендегі қызық әрі болжамға жақын сандарға назар аударға болады:

1151 жыл немесе 1155 жыл

Алып империяның негізін қалаған, әлемнің тең жартысын уысында ұстап, император ретінде тарих сахнасында өзінің есімін алтын әріптермен қалдырған Шыңғыс хан дүниеге келді. Қазір Шыңғысханды өзінің арғысы бабасы ретінде көргісі келетін елдер көп. Соның ішінде қазақ елі де бар. Бұл дегеніміз, бүгінгі «қазақ» деген ұлттың қалыптасуына әрі мемлекет ретінде құрылуына себепкер болған ханның дүние есігін ашуымен тікелей байланысты.

1221 жыл (1206-1227жж)

Бұл жылдары Шыңғыс хан билік жүргізді. Билік жүргізіп қана қойған жоқ, ұлы империясының дамуына, жерінің кеңеюіне, қарыштап қанат жаюына үлес қосты.

1291 жыл

Бұл Алтын Орданың дәуірлеу кезеңі, құрылу және саяси тұрғыда үстемдік орнатып жатқан уақыты. Мөңке ханның ( 1266-1280) өз атынан теңге шығарудың өзі Алтын Орданың қандай күшті және қуатты болғанын көрсетеді. Ал тарих көздері қазақ халқын Алтын Орданың тікелей ұрпағы деп таниды.

1361 жыл

Қазақ тарихы үшін маңызы бар тәуелсіз мемлекет ретінде көрініс тапқан Ақ Орданың күшейген кезі. Бұл кезде билікке Ұрыс хан келді. Оның тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп тәуелсіз мемлекет құрды.

1431 жыл

Әбілхайыр хандығының күшейген тұсы. Әбілхайыр дәл осы 1431 жылы Тоқа-Темір ұрпақтарына қарсы соғысып, жеңіске жетті. Еділ бойындағы жерлерді басып алды.  1465-1466 жылдардағы Қазақ хандының құрылуы осы жылдар ішіне тәуелді.

1501 жыл (1511-1521жж)

1511 жылы қазақ хандығының негізін қалған Әз-Жәнібектің ұлы әрі қазақтың ұлы хандарының бірі, Мұхаммед Шайбани ханның бөлесі Қасым хан таққа келді.

Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды. 1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандығы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және қуатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қаитып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін. Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны бір миллионнан асатын.

Қасым ханның «қасқа жолы» атты заңның пайда болуы.

1571 жыл

Хақназар ханның орыстармен соғысы және 1571-1572 жылдары алып елге арнайы елші жіберіп, өзара тиімді және саяси экономикалық қатынас орнатуы туралы шешімдері сөз болады. Хақназар ханның кезінде де Қазақ хандығының дамуы және гүлденуі тарих беттерінде айтылады.

1641 жыл немесе Орбұлақ шайқасы

1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазақ жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды тұтқынға түсіреді. Салқам Жәңгір хан жоңғарларға тойтарыс беру үшін 600 сарбазымен Орбұлақ өзенінің бойына беттейді. Осы жерде әйгілі Орбұлақ шайқасы өтеді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мәліметтер бойынша, бұл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта білген.

1711 жыл

Абылай ханның дүниеге келуі және Тәуке ханның «Жеті жарғысының» жарыққа шығуы.

1781 жыл

Бұл жылы қазақ үшін үлкен еңбек сіңірген, қасық қаны қалғанша ел үшін соғысқан Абылайхан қайтыс болды. Абылай қайтыс болғаннан кейін, ел ішінде үлкен іріткілер, таққа талас секілді оқиғалар орын алды. Әр жүздің хандары барынша өз жерінде елдіктерін сақтап қалуға тырысты. Арадағы осы 70 жылды құлдыраудың негізі ретінде де қарастыруға болады.

1851 жыл

Бұл кезде бүгінгі Алматы қаласы, кешегі Верныйдың іргесі қаланды. 1855 жылы шілденің 1 күні алғашқы қазақтардың бір тобы қалаға көшіп келді.

1921 жыл

Алашорда үкіметі немесе алғашқы тәуелсіз елдің іргетасы қаланып, КСРО-ның қысымына ұшырап қайта дәуірлеуін тоқтатқан мемлекеттің өмірге келуі. Алаш Орда тарих сахнасынан ешқашан жоғалып кетпейді. Олардың жаңа өркениетке еліктеуі, алашордалықтардың элита қалыптастыруы Қазақ елі үшін үлкен сілкініс болды.

1991 жыл

16 желтоқсан күні жеке алдына дербес мемлекет ретінде Тәуелсіз Қазақстан республикасы дүниеге келді. Шекарасы бекіген, тілі, ділі, діні және рәміздері бар мемлекет, қазақ деген ұлт әлем сахнасына келді.

2061 жыл

Болашаққа сеніммен, үмітпен қарау керек. 2030 жылы қазақ елінде жаңа ұрпақ, жаңа буын өсіп-жетіледі. Олар бүгінгі өркениетті қоғамның негізін жасайды. Арада тағы 30 жыл өткеннен кейін, Қазақстан нағыз дамыған өркениетті әрі дамыған елдердің алдында топ бастайтын болады.

 

P.S. Бұл деректерге қарап отырып, қазақ халқының әр 70 жыл сайын қайта өркендеу кезеңін бастан кешкенін көруге болады. Төбесінен дөп түспесе де, өзіндік жанама әсері, ақиқаты бар. Қазақ үшін «7» санының қасиетті екенін еске алсақ, бұл жай ғана болжам емес...

Біз мұнымен не айтқымыз келді?

Қазақтың тереңде жеткен тарихы үлкен жеңістерді бастан кешкен. Жеңістің арты үлкен мемлекет, орда құруға алып келген. Ендеше бүгінгі егеменді елдің өткенінде алып ордалардың, ұлы тұлғалардың рухы мен тегеурінді жігерінің ұшқыны жатыр. Әр жылға 70 жылды қосып көріңіз, ары-берісі 10-15 жылды қосып не алып есептеген кезде қазақтың бағына жазылған осындай бір ерекшелікті көруге болады.