Саясат
Ислам мәдениетін жою қарқыны артқан
Қытай ислам дініне қатысты мәдени ошақтарды жоюды қарқынды түрде іске асыруда. The Guardian және Bellingcat сайттарының зерттеуі бойынша бұл процесс соңғы айларда артқан.
Мысалы Шығыс Түркістанда 91 діни ошақ қиратылған. Оның ішінде 31 мешіт толықтай бұзылып, қалғанына нұқсан келген. Көптеген діни ошақтар мектепке және тәрбиелеу орындарына айналдырылған.
"Соңғы уақытта бұл процесс қарқынына еніп, оны Бейжің АҚШ саясатына қарсы жауап ретінде қолдануда" дейді аталмыш сайт аналитиктері.