Саясат
Дипломатиялық иммунитетке ие болды
БАӘ билеушісі Мохаммед бен Рашид Аль Мактумнан қашып кеткен ханшайымның өмірінде жаңа бұрылыс орын алды.
Ханшайым Хайя бинт Әл-Хусейн күйеуінен екі баласын және алып 40 миллион долларды алып қашып кеткен болатын. Ол Лондонда - Кенсингтон сарайына жақын маңдағы жекежайға орналасып, ажырасуға өтініш берді. Бұл туралы маусым айының соңында белгілі болды.
Балаларға қамқорлық жасау үшін ханшайым Лондонның Жоғарғы сотына өтініш берді. Ол қызын мәжбүрлеп тұрмысқа беруден қорғауды, сондай-ақ арнайы күзет берілуін сұрады.
Алайда оның күйеуі әйелін және балаларын мәжбүрлі түрде Дубайға қайтаруды талап етті, бірақ соңғы жаңалықтарға сүйенсек, бұлай болмайтын сияқты.
Arabian Royal Agency мәліметтері бойынша, бұл іске Иордания Королі Абдалла II ибн Хусейн - ханшайымның ағасы араласқан көрінеді. Ол сіңлісін және оның балаларын мәжбүрлеп қайтарудан құтқару үшін оны Ұлыбритания астанасындағы Иордания елшілігі басшысының орынбасары етіп тағайындады.
Қазір ханшайым мен оның балалары дипломатиялық иммунитетке (дипломатиялық қол сұғылмаушылыққа) ие және Ұлыбритания билігі оларды БАӘ мен күйеуі Шейх Мұхаммедке бере алмайды.
Алайда басылымның хабарлауынша, ханшайым Хаяның тағайындалуын әлі Британ билігі мақұлдауы керек, себебі олар дипломатты қабылдай да, одан бас тарта да алады.