Саясат

5 миллион теңге: Елордада әкімнің орынбасары парамен ұсталды

Ол 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Алматы ауданы әкімі орынбасарының үстінен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жеке компанияның директорынан пара алды деген күдікке ілінді.

"Аудан әкімінің орынбарасы 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Ол бұл ақшаны жеке компанияның директорынан алған", - делінген хабарламада.

Шенеунік мемлекеттік сатып алу келісімшарты негізінде ауданды жарықтандыру қызметі бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қойып, "қамқорлық" жасау үшін пара талап еткен.

Сондай-ақ жеке компания директорының шенеунікке пара берген-бермегені тексеріліп жатыр.

Тергеу жалғасуда. Күдіктілердің айыбын сот анықтайды.