Саясат

Нетаньяху: Иордан өзенінің батыс жағалауын Израильге қосып аламыз

Палестина жеріне көз тіккен секілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Ликуд" - елдің билеуші партиясы парламенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Израиль Иордания өзенінің батыс жағалауындағы қоныстарды Палестинадан тартып алады. Бұл туралы премьер-министр Биньямин Нетаньяху арнайы үндеу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды журналист Абрахам Гутман Twitter-де.

Нетаньяхудың айтуынша, аннексия сайлауда жеңіске жеткеннен кейін бірден жасалады. Премьер бұл аймақты Израильдің қауіпсіздігі үшін өте маңызды деп атады.

Үкімет басшысы бұл әрекеттер үшін оған Израиль халқының дауысы қажет екенін атап өтті. 

- Бұл - демократия. Мен мандатсыз ештеңе істей алмаймын. Сондықтан менің қолымда құзірет болу үшін мандат керек, сіздерден соны сұраймын. Содан кейін Израильдің тұрақты шекарасын анықтау керек. 1967 жылы болған алты күндік соғыста біз жеңе алмадық, шекарамызды білгілей алмадық. Енді ондай мүмкіндік тағы 50 жыл бойы болмауы мүмкін, - деген Нетаньяху сөздерін The Times of Israel жеткізеді.

1967 жылдан кейін Иордан өзенінің батыс жағалауында Иудея мен Самарияда Израиль қоныстары құрылды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл аумақтарды басып алынған деп санайды, Израиль оларды даулы аймақ деп анықтайды.