Саясат
Танымал актер, әнші, мәжіліс депутаты ант берді
«Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен «Nur Otan» партиясының мүшесі Нұрлан Әлімжанов партиялық тізім бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелді», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!», - деді Н. Әлімжанов.
Сонымен қатар ол Мәжіліс комитетінің құрамына сайланды. Депутат Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды. Еске сала кетейік, биыл 4 қыркүйекте ҚР ОСК Нұрлан Әлімжановты Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді.