Bugin
Алдын ала жасалған диагноз, толық сараптама гистологиядан кейін белгілі болады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚарағанды облысының ПД баспасөз қызметі Сопыжанов күштеп әкеткен 3 жасар баланың өліміне қатысты тергеудің аралық нәтижелерімен бөлісті.
Бұрын хабарланғандай, 5 қыркүйекте полиция бөліміне келіп шағымданған Бұрма ауылының 22 жастағы тұрғыны сәбиін қолына алып, дүкен аралып жүргенде таныс бір жігіттің құшағындағы баланы тартып алып, қашып кеткені жайлы айтқан болатын.
Баланы іздеу үшін ауқымды іздеу шарасы ұйымдастырылды. Ал баланы мәйіті 8 қыркүйек күні сағат 10.00 шамасында Бұрма ауылының маңындағы орманның ішінен табылды.
Күдіктіге іздеу жарияланды. 9 қыркүйекке қараған түні вокзал алдындағы алаңда полиция қызметкерлері бұрын сотты болған, 1996 жылы туған күдікті Игентай Сопыжановты ұстады.
Қазіргі уақытта Сопыжанов баланы ұрлағанын және өлтіргенін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
- Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, баланың қылқындырып өлтіргені белгілі болды, - деп хабарлайды Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Бала өлгеннен кейін де, дене жарақатын алған көрінеді: үш қабырғасы сынған, бас пен ми жарағатын алған, бас сүйегінің күмбез бөлігі сынған, миына қан құйылып, оң жақ өкпесі жарылып кеткен.
- Диагноз болжам күйінде. Жағдайдың барлығы гистологиядан кейін белгілі болады, - деп қорытындылады полиция.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61