Саясат
16 желтоқсанда алғашқы кілттер табысталады
- Оның бәрі - жаңа пәтерлер. Биыл біз сатып аламыз, ал келесі жылы тағы саламыз. Пәтерді жалдау құны 10-12 мың теңге аралығында болады. Бұл - халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалдау төлемінің ең төменгі қолжетімді стандартты есебі. 40 шаршы метр - бұл максималды аудан. Мысалы, ол екі бөлмелі пәтер болады, бірақ жалға берілетін пәтердің көлемі 40 шаршы метрден аспайтын болады, - деді ол.
Айта кетсек, елімізде 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқы қарастырылмаған жалдамалы пәтерді ұсыну тәртібі өз күшіне енді. Сатып алу құқы қарастырылмаған жалдамалы баспана Тұрғын үй-коммуналдық қорынан жалдап тұруы үшін ҚР азаматтарына ұсынылады.
Ақысын төлеп тұратын жалдамалы баспана ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 372 қаулысымен бекітілген "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жұмыс істейтін жастарға беріледі. Мұндай пәтерді алатын азаматтар балдық жүйеге сәйкес таңдалады. Ол сұранысқа ие 100 мамандықтың тізіміндегі біріне ие болса, оған қосымша 10 балл, отбасы болғаны үшін 5 балл, әр баласы үшін бір-бірден балл, одан соң жеке бизнесі болса, 5 балл қосымша алады. Уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде осы негізде балл қойып, оны есептеп, сол бойынша жалдамалы пәтерден үміткер бола алатын азаматтардың тізімін жасайды.