Weekend

Мейірімге үндеу

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Заманым қорқытып бүгін бұл күн,

Мейірім кетіп жатыр дүркін-дүркін.

Азғындық,

Арсыз қылышын қолға алып.

Келіп жетті ортамызға,

Қалай бүгін.

- Деді әже,

Шай басында сөзді қозғап...

Байыппен мейірімге бізді нұсқап.

Кісінің ала жібін аттамаңдар,

Таза ойды, лас оймен лайламаңдар.

Қолдарыңнан келсе егер,

Көмек бергің.

Жасама қинатты ешкімге, еш күн,

Жақсылықтың жасыл туын үндесеңдер.

Үлгересің бәріне, үлгересің,

Құдайың,

Бармақтай бақ берсе күнім...