Weekend

Ағылшын тілін меңгергіңіз келсе...

БҰҰ-ның ресми тілі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ағылшын тілі - алты құрлыққа кең тараған, БҰҰ-ның ресми тілдерінің негізгісі болып саналатын әлемдік тіл. Дүниежүзіндегі әрбір жетінші адам ағылшынша сөйлейтінін ескерсек, қазіргі ақпараттар ағыны заманында ағылшын тілін білудің маңызды екенін анық түсінеміз. 

Алайда шет тілін оқуды қолға алған жандардың көп бөлігі біршама уақыттан соң өз ойларынан бас тартып жатады. Мұның басты себебі – нақты мақсаттың жоқтығында. Ең алдымен өзіміздің не қалайтынымызды анықтап, мақсатымызды айқындап алғанда ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады.  Ендеше, назарларыңызға ағылшын тілін үйренуді мақсат еткен жандарға бағытталған бірнеше қорларды ұсынамын:

1) Lisa Mojsin «Mastering the American Accent» кітабы ағылшын тілінің орфоэпиялық нормаларына сай сөйлеуге көмектеседі. Ағылшын тілінің грамматикасын жақсы білу мен еркін сөйлеу алудың арасында айырмашылық бар. Әрине, ағылшын тілінің өзіндік заңдылықтары мен ережелерін меңгерудің маңызы зор. Дегенмен де, дұрыс сөйлеу техникасын үйренсек, келешекте бұл тақырып көп қиындық тудырмайтыны анық.

2) Ю. Голицынский «Грамматика. Сборник упражнений» кітабында ағылшын тілінің  ережелерін меңгеруге арналған тапсырмалар берілген. Күнделікті орындап, қатемен жұмыс жасап отырсаңыз, уақыт өте келе қателік жібермеуге де дағдыланасыз.

3) Duolingo.com сайты немесе мобильді қолданбасы ағылшын тілін үйренуді енді ғана бастаған жандардың базалық білімін қалыптастырады. Жалпы, бұл сайт арқылы тек ағылшын тілін ғана емес, басқа де шет тілдерін меңгере аласыз.

4) «Easy ten» мобильді қолданбасы ағылшын тілін үйренуші кез-келген деңгейдегі адамға септігін тигізеді. Сіз өз деңгейіңізді таңдағаннан соң жатталуы тиіс 10 сөздің тізімі шығады. Күн сайын 15-20 минутыңызды арнасаңыз, сөздік қорыңыз байи түседі. Сонымен қатар ағылшын тіліндегі сөз есіңізде ұзақ сақталуы үшін жаттаған сөздеріңізді қатыстырып, сөйлем немесе шағын мәтін құрастырғаныңыз жөн. «Еasy ten» мобильді қолданбасын ұялы телефоныңызға жүктеп, кез-келген уақытта қолдануыңызға болады. Белгілі бір тілді аз уақыт ішінде, көп күш жұмсамай меңгеру мүмкін емес. Демек, көп еңбек етіп, үлкен қажырлылық таныту-мақсатқа жетудің алғышарты.  Ағылшын тілін үйрену үшін күнделікті тыңғылықты дайындалудың маңызы өте зор.