Саясат

Канаданың премьер-министрі парламентті таратынын жария етті

Сайлау 21 қазанда өтеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо сәрсенбіде парламенттің таратылатынын және елде 40 күндік сайлау науқаны басталғанын мәлімдеді. Үкімет басшысы парламент сайлауы 21 қазанда өтетіндігін растады, деп хабарлайды ТАСС.

Үкімет басшысы Трюдо парламентті тарату туралы өтінішті елдің генерал-губернаторы Джули Пейеттің Оттавадағы резиденциясына келіп тапсырған екен.

- Канаданың генерал-губернаторы менің парламентті тарату туралы өтінішімді бірнеше минуттың ішінде қабылдады. Сайлау учаскілері 21 қазан күні ашылады, - деді ол барлық федералды телеарналар арқылы таратылған үндеуінде.

Бұл - Канада тарихындағы сайлаудың  43-ші науқаны. Сайланатын 338 орынға билеуші Либералды партия, Консервативті партия, Жаңа Демократиялық партия, Жасылдар партиясы, Квебек блогы және Канада Халық партияларынан қатысады.

Сайлау алдындағы жарысқа қатысатын либералдар көшбасшысы Трюдо Ванкувердегі (Британдық Колумбия провинциясы) сайлаушылармен кездесуге сәрсенбі күні барады.

Канада заңнамасына сәйкес, сайлау науқаны сайлау күнінен 36 күн бұрын басталуы керек. Сайлау алдындағы науқанның басталу уақыты туралы елдің премьер-министрі хабарлайды.