Weekend
Өнім уақытша сатылмайды
АҚШ билігі вейпинг қолдануға тыйым салды. Енді оны мемлекеттік органдар рұқсат бергенде ғана сатуға болады. Бұл туралы журналистерге АҚШ-тың денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер департаментінің басшысы Алекс Азар айтты.
- Хош иісті темекілермен бірге хош иісті электронды темекілерді де нарықтан алып тастауға тура келеді. Олардың өндірушілері 2020 жылдың мамырына дейін өнімдерін мақұлдау үшін Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасына өтініш жіберулері керек, - деді ол.
Оның айтуынша, қажетті регламенттер бірнеше аптадан кейін жасалып, жарияланып, әдеттегі 30 күндік мерзім өткеннен кейін күшіне енеді.
Бұған дейін АҚШ-тың ауруларды алдын алу және бақылау орталығы (CDC) вейпинг әуесқойлары арасында өкпе және респираторлық аурулардың өршуі туралы хабарлаған болатын.
Қазіргі кезде елдің денсаулық сақту департаменті 33 штатта тексеріс жүргізіп, вейпинг «шегетін» адамдардың өкпе ауруына қаншалықты жиі шалдығатынын анықтап жатыр. Барлығы 450 өкпе ауруының түрі зерттеліп жатқан көрінеді.