Экономика
Маңызды ұлттық жобаларға жұмсалатын қаржы есебі
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасының таныстырылымында қаржы министрінің бірінші орынбасары Берік Шолпанқұлов: "Маңызды ұлттық жобаларды жүзеге асыру мақсатында бюджеттен 3,8 миллиард теңге қарастырылған. Бұл – Абайдың 175 жылдығы, әл-Фараби мерейтойы, Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы",- деді.
Оның айтуына қарағанда, мәдениет пен спортты дамытуға 304,7 миллиард теңге қарастырылған, оның ішінде 2020 жылға - 120,1 миллиард теңге, бұл ағымдағы жылдың деңгейінен 24,8 миллиард теңгеге жоғары.
"Бұл шығындар театрлардың, мұражайлардың, кітапханалардың және мұрағаттардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, спортты қолдауға және дамытуға, кадрлар даярлауға, туризмді дамытуға, фильмдер шығаруға, сондай-ақ маңызды ұлттық жобаларға бағытталған", - деп вице-министр өз сөзін нақтылады.
Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінің өкілдері барлық отандық және шетелдік мұрағаттардың іргелі зерттеулерін сақтау мақсатында, көне заманнан бастап қазіргі заманға дейін, Елбасының тапсырмасы бойынша "Мұрағат-2025" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірледі.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қосымша қажеттілік - 13,4 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 3,2 миллиард теңге. Шығындар бекітілгеннен кейін қаралатын болады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61