Weekend
Күнделік жазудың маңызы
Қазіргі таңда көптеген бизнес-тренингтер мен коучингтерде жетістіктің кілті нақты жоспарда екендігін айтып, күнделік жазудың маңызы жайында сөз қозғалады. Расында да, таңертеңнен кешке дейінгі аралықта жасайтын шаруалардың тізімін құрып, уақытты бос өткізбей, тиімді пайдалана алудың маңызы зор. Күнделік жазуды кейбір жандар ұната бермейді. Ал кейбіреулері күнделік жазуды әдетке айналдырған.
Күнделік жазудың 5 пайдалы тұсы қандай?
1) Миыңыздағы артық ақпараттан құтыласыз. Егер сіз өте белсенді адам болсаңыз, сонымен қатар сізге бір күнде бірнеше істі бітіру керек болса, онда бұл ақпаратты мида сақтаудың қажеті жоқ.
2) Күнделік жазатын адамдар табысты адамдардың қатарына кіреді. Сіз де бұл топтың санын көбейте аласыз.
3) Бір күнде жоспарлаған істеріңіздің барлығын орындайсыз.
4) Өз уақытыңызды дұрыс жұмсауды үйренесіз. Бұл да табысты адам болуға жасалған бір қадам.
5) Барлық жасаған шаруаларыңыздың біткенін білген сәтте бойыңызды ерекше қуаныш билеп, өзіңізге мотивация аласыз. Күнделіктің екі түрі болады. Бірі іскер адамдарға арналған күнтізбесі бар күнделік болса, екіншісінде күнтізбе болмайды.
Күнделік таңдаған сәтте бірнеше талаптарға сәйкес етіп алу қажет. Ол қандай талаптар?
1) Күнделіктің сырты әдемі болуы тиіс. Мұқабасына назар аударыңыз.
2) Күнделік сапалы болу қажет. Көп уақыт әрі күнделікті пайдаланатын болған соң қымбатын таңдаңыз.
3) Күнделіктің көлемі кіші немесе орташа болуы қажет. Себебі әрдайым жаныңызда болатындықтан, алып жүруге ыңғайлы болуы маңызды.
Күнделік жазу үшін мына 5 ережені есте сақтау қажет.
1) Жазбаларды жүйеге бөлу. Күннің алғашқы жартысында және күннің екінші жартысында жасайтын істер
2) Күнделіктің соңғы беттерін бос қалдырыңыз. Өзіңізге қажетті ұялы телефон нөмірлерін немесе поштасын жазасыз
3) Міндетті түрде жасалуы қажет 1-2 істі ерекше етіп белгілеңіз
4) Өзіңіз қойған уақыт межелерін бұзбаңыз
5) Жасап қойған істеріңізді қаламмен белгілеп қойыңыз.