Weekend
Сіз өзіңізді танисыз ба?
Адам психикасы - әлемдегі сыры толық ашылмаған жұмбақтардың бірі. Психологтар адам психологиясының ерекшеліктері туралы мынадай қызықты ақпараттар ұсынады:
1. Сіз "зейін соқырлығына" шалдыққансыз. "Зейін соқырлығының" негізгі мәні мынада: біз өзімізге берілген тапсырмаларды ғана ойлаймыз деп, көз алдымызда болып жатқан іс-әрекеттерге мән бермейміз. Яғни, одан артығын іздеудің қажеті жоқ деп есептейміз. Барлық ықыласымыз бен зейінімізді тек сол төңірекке шоғырландырамыз. "Көзге көрінбейтін горилла" бақылау тәжірибесін көруге кеңес береміз.
2. Сіз бір уақытта тек 2-3 затты ғана есте сақтайсыз. Ақпараттың көп бөлігі қысқа уақытты жадта 20-30 секунд аралығында сақталып, кейін ұмытылады.
3. "Хромостереопсистің" әсерінен көздеріміз қызыл және ақ түстердің үндесуін өте нашар қабылдайды.
4. Сіз бар-жоғы 10 минут қана қызығушылықпен тесіле қарай аласыз.
5. Біз уақымыздың 10%-ын армандаумен өткіземіз.
6. Көбінесе өзімізді ақтап алу үшін басқа адамды немесе жағдайды кінәлі санаймыз.
7. Сіз белгілі бір іспен айналыссаңыз, өзіңізді бақытты сезінесіз.
8. Сіздің миыңыз ұйқы кезінде де сергек болады.
9. Сіз әр уақытта естеліктерді жаңартып отырасыз. Сіз қандай да бір бұрынғы өткен жағдайды есіңізге түсіргенде оны өзгертуге тырысасыз.
10. Сіз көптеген шешімдерді саналы түрде қабылдайсыз. Әрбір секундта сіздің миыңызға 11 миллионнан астам ақпарат келіп түседі. Сол сәтте біз ақпараттарды синтездей алмай қаламыз. Сондықтан да осы кезде санамыз тез шешім қабылдауға тырысады.
Ал сіз өзіңіз жайлы қандай ақпараттар білесіз?