Түркі әлемі

Өзбекстан Түркі кеңесіне қосылды

Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі біртіндеп кеңейіп келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Өзбекстан Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесіне (Түркі кеңесі) мүше болу туралы шешім қабылдады, деп мәлімдеді Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу.

Мевлют Чавушоглуның айтуынша, түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесі біртіндеп кеңейіп келеді және ұйымның кезекті, жыл сайынғы саммиті 16 қазанда өтеді.

- Өзбекстан түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесіне мүше болу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, Ашхабад та бақылаушы ел ретінде кеңеске кіруге дайын екенін білдірді. Біз Түрікменстаннан екі рет оң көзқарас алған болатынбыз, - деді ол.

Министр Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев өз көмекшісімен бірге Ашхабадқа аттанатынын атап өтті.

-  Көп ұзамай түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі маңызды аймақтық ойыншы болады,- деді Чавушоглу.

Министр өткен жылғы Ыстықкөлдегі саммит барысында Венгрия кеңесте бақылаушы ел болғанын, 19 қыркүйекте Будапештте түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің еуропалық кеңсесінің ашылу салтанаты өтетіндігін еске салды. Ұйым құрылғаннан бері Түркі кеңесіне қатысушы елдер көшбасшыларының алты кездесуі өтті.

Түркі кеңесінің құрылымына Стамбулдағы хатшылық, президенттер кеңесі, Сыртқы істер министрлері кеңесі, аға лауазымды тұлғалар комитеті, түркі тілдес мемлекеттерінің Ақсақалдар кеңесі, Бакудегі Парламенттік ассамблея (ТүркПА), Нұр-Сұлтандағы Түркі академиясы және Анкарадағы түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ) жатады.