Саясат

Ресей Донецкке жауап берді

Украина келіспейді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Донецк халық республикасының басшысы Денис Пушилиннің Ресей құрамына кіру туралы идеясын жүзеге асыруға әзірше мүмкіндік жоқ, деп санайды ТМД істері және отандастармен байланыс жөніндегі Мемлекеттік Дума комитетінің мүшесі Константин Затулин. Бұл туралы ФАН хабарлайды.

Оный ойынша, Украина Минск келісімшартында көрсетілген шарттарды орындамайынша, Донбасс та Ресейге қосыла алмайды. Ал Украина ол шарттарды орындауға асығар емес. 

- Менің ойымша, Украина бұл келісімшартты мүлдем қарастырмауы да мүмкін, — деді Затулин.

Затулиннің айтуынша, мұндай жағдайда Донбассты Украина құрамына қайтару қиынға соғады. Ал Ресей Донбасқа ерекше мәртебе беріп, рақымшылық жасауға дайын отыр.