Саясат
АҚШ-пен байланысты
АҚШ пен Ресей арасындағы ядролық соғыстың басталуына жергілікті қақтығыстар себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды РИА Новости. Басылым мұнай мәлімдемені Ресей Ғылым академиясының мүшесі Алексей Арбатовтың еңбектеріне сүйеніп жасаған.
Маманның ойынша, Ресей АҚШ-қа қасақана шабуыл жасай алмайды, ол - екіталай дүние.
- Біріншіден, ол [ядролық қақтығыс] зымыран шабуылы туралы ескерту жүйелерінің техникалық жағынан істен шығуына байланысты туындауы мүмкін. Өйткені бір тарап жалған дабыл беру арқылы екінші бір тарапты қатаң шара қолдануға түрткі болуы мүмкін. Осыдан ядролық соғыс басталып кетуі ықтимал, - деді сарапшы.
Академия Арбатов жергілікті қақтығыстарға жаһандық қақтығысқа ұласып кетсе, ядролық соғыс басталып кетуі мүмкін екендігін айтады.
- Қара теңізде, Балтық теңізінде, солтүстікте, Украинада жүрген қарулы күштеріміздің қайсысы қақтығысқа тап болуы мүмкін? Ал ұтыла бастаған тарап, қақтығысты тоқтату, деэскалация жүргізу үшін ядролық қаруды қолданып жіберуі мүмкін, - деп атап өтті Арбатов.