Woman
Шартты түрде он ай берілді
Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салманның қарындасы Хасса бин Салманды сантехникке қарсы өз қызметкерлеріне күш қолдануды бұйырғаны үшін шартты түрде он айға түрмеге үкім шығарылғаны туралы РИА Новости хабарлайды.
Айыптауға сәйкес, Хасса бин Салман өзінің жеке күзетшісі Рани Саидтен 2016 жылдың қыркүйегінде Париждегі пәтерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамды ұрып, қорлауын сұраған. Ханшайымның өзі сантехникті оның рұқсатынсыз бірнеше суреттер түсіріп алған деп айыптайды. Сонымен қатар, мысырлық жұмысшы ұрып-соғудан басқа, көптеген қорлықты бастан өткерген, атап айтқанда, күзетшілер оны ханшайымның алдында тізе бүккізіп, аяғын сүюге мәжбүр еткен.
Хасса бин Салман «зорлық-зомбылыққа қатысы бар» және «заңсыз бас бостандығынан айыруға қатысқаны үшін» деген айыптаулармен жауапқа тартылды. Шартты берілген он айдан бөлек, ханшайымға он мың еуро (шамамен 10,9 мың доллар) айыппұл төлеуге тура келеді. Ол өзі сот үкімін жариялауда қатысқан жоқ.
Сантехникпен болған оқиға наурыз айында, ханзада Мұхаммед бен Салманның өзі Францияға келерінің алдында белгілі болды.