Саясат
63 жасқа толады
Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың жақтастары 17 қыркүйек күні оның туған күнінде митинг өткізеді.
Бұл туралы әлеуметтік желіде бұрынғы мемлекет басшысының кеңесшісі Құндыз Жолдыбаев мәлімдеді.
- Кеше Бішкек мэриясында 2019 жылы 17 қыркүйекте Горький саябағында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевтың туған күніне орай Бейбіт акция өткізу туралы хабарлама қалдырдық, - деп жазды ол.
Жолдыбаеваның айтуынша, сол жерде бұрынғы президентке арналған тілектер мен құттықтауларды жинау нүктесі ұйымдастырылады.
- Біз барлық қала тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз, - деп қосты ол.
Атамбаев өзінің 63-ші туған күнін Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында атап өтеді. Ол 26 қазанға дейін Бішкек қаласының Первомай аудандық сотының шешімімен қамауға алынды.