Саясат
Түркия әскери қуатын арттыруға ниетті
Түркия басшысы Ердоған атом қаруын иемденгісі келетінін мәлімдеді.
- "Біреуде" ядролық зымырандар бар әрі бір емес, бірнешеу. Қазір дамыған мемлекеттердің барлығында атом қаруы бар. Бәрінде! Ал бізге болса, "жасамайсыңдар!" деп отыр. Мен оған көнбеймін. Жанымызда Израиль тұр. Оның ядролық қаруы бар ма? Бар. Ол сол қаруы арқылы барлығын қорқытып әлек, - деді Ердоған Түркияда өтке жиындардың бірінде.
Ердоған әлемдік держава саналатын елдерде мыңдаған зымыранның барын айтып, Түркияға да сондай әскери қуаттылықтың қажеттігін ескертті. Ол Түркия ядролық қаруды жасап шығу арқылы өзін қорғауды ғана мақсат тұтатынын айтты.