Bugin

Ерекше жылқы түрі - линус

Жалы ұзын жылқы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемде неше түрлі қызықты жаңалықтар бар. Оларды естіп немесе көріп таңқалуыңыз ғажап емес. Соның бір - Орегон тауларын мекен ететін Линус жылқысы. 

Бұл ерекше жылқы тұқымы тұрғылықты жеріне байланысты Орегон деп аталып, құйрық жалы өте ұзын болып келеді. Бұл тұқымның өзіне тән ерекшелігі - қою қоңыр түсі және керемет ұзын жалы мен құйрықтары. Жылқылар алғашында жабайы болған, кейіннен қолға үйретілген. Жылқының генінде ұзын құйрық пен жал болғандықтан, кейінгі тұқымдары да қалық құйрықты, қаптағай жалды болып тарады. Мұндай тұқымды жылқылардың бойы да ұзын келеді. 

Ағайынды Резерфордтар бұл жылқыны циркке де үйретіп, ерекше жылқыны табыс көзіне айналдырған екен. Шоудың жарнамалық тақтайшаларына "4 жыл ішінде жылқының жалы мен құйрығы 3 дюм өсіп, қазір өз деңгейіне жетті. Жалы мен құйрығының түсі  жылтыр әрі  алтын түстес. Оның жалының ұзындығы - 14 фут, ал құйрығы - 12. Сонда да өсуін тоқтатпаған екен" деп жазған.  

Әрине, мұндай құйрық пен жал мұқият күтімді қажет етеді. Жұмысшылар күн сайын оған мұқият қарап, жуып-тарап отырған. Жалы маталып қалмас үшін төрт бөлікке бөліп, өріп жүретін болған. Бірақ жылқының жалы ме құйрығы сонда да маталып қалатын көрінеді. 

Линус 1894 жылы 10 жасында қайтыс болды. Одан туған құлын да жалғыз болғандықтан, одан тұқым қалған жоқ. Қазір бұл жылқылар жойылып кетті.