Weekend
Өзіңе сен өзіңді алып шығар Ақылың мен еңбегің екі жақтап. (Абай Құнанбайұлы)
Армысың жас талапкер немесе Ұлы қадамдарға жол бастайын деп тұрған жас буын!
Мен бүгін саған. Өзімнің бірнеше ақыл-кеңестерімді айтамын толық оқып шық. Себебі ұлттық біріңғай тестілеу де саған міндетті түрде көмегін тигізеді.
Екі сатыға бөлеміз:
1. ҰБТ-ға дейінгі кезең,
2. ҰБТ-дан кейінгі кезең.
1. Бұл кезең көп дайындалуға уақыттың әрбір минутын бағалауға арналады. Сені көптеген толғаныстар, күйзеліс, уайым торлайтын кезең. Кейде тест тапсырмаларын жаттаудан, кітаптарды бірінен соң бірін тауысып оқудан шаршайсың. Бірақ та өзіңе қиыншылық салып керегі жоқ. Неге ерте дайындалмадым? Бәрі басқаша болар еді т.б сөздерді айтып жаныңды одан әрі ауырта түспе. Бұлай айтқанмен уақыт кері шегінбейді. Керсінше зиянын тигізуі ықтимал. Өзіңе сенімді бол жоғары нәтижеге алатыныңа сен!
Ең маңызды кез - сенің сынаққа кірер сәтің. Ойың сан-саққа жүгіру үстінде. Сабырлық таныт сәл ұстамдылық болса болғаны. Жаныңда өзің секілді балалар болды оларда да қобалжу еш қайсына мән берме. Емтиханға кірген сәтің. Бойдағы қорқыныш сезім оянатын сәт. Бұлда саған еш әсер бермеуі керек. Қарапайым мектептегі емтиханға кірдім деп сезінсең өзіңді жеткілікті. Емтиханды алаңдамай, қобажымай тапсыруға тырыс.
2. Емтихан тапсырып шықтың. Ойыңа келеңсіз "әттеген" деген сумаң ойлар сап ете қалады. Саған үлкен әсер береді. Ол ойлар сені тосылдырмасын, сағыңды сындырмауы тиіс. Бәрі өз ретімен болады. Бұл кезде де сенде қобалжу басталады ҰБТ қортындысы жоғары алдың немесе төмен алдың ба бәрі сені тұңғыйыққа батыра береді. Бірақ бойыңды үреймен, қобалжуға жеңдірме.
Жинаған балдың қортындысы белгілі болды көңіл көнжілтерлік жағдай да болмады делік. Ештеңе етпейді өмір онымен тоқтап қалған емес. Төмен алғаның үшін өзіңді жазғырма. Бәрі сен ойлағандай бола бермейді. Сүрінгенніңде пайдасы болады. Арман еткен жоғарғы оқу орыныңа түсу қолыңнан келмеді. Керсінше, өзің ойлаған балды ала алмадың оған қайғырма. Мақсатын айқын болса төменнен жоғарыға көтерілесің. Төменнен баста себебі:бірден жоғарыға шыққан адам, жорының қадірін білмейді...
Түйін сөз: қазірден бастап дайындал, ештеңені елеме, сынақтамадан өткесін бәрі болады. Бастысы өзіңе сен басқа еш нәрсеге сенбе.