Саясат

Ердоған Трампқа: Ресейдің S-400 қорғаныс жүйесімен қатар АҚШ-тың "Патриот" зымырандарын да сатып ала аламыз

Трамп қандай қадамға барар екен?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ НАТО-дағы одақтасы саналатын Түркияға Ресейден Түркияға Ресейдің S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алғаны үшін санкция саламын деп қорқытуда. Алайда Тайып Ердоған болса, Америкадан «Патриот» зымырандарын сатып алғысы келетінін айтып отыр, деп хабарлайды RT.COM ақпараттық сайты.

Ердоған бұл келісім туралы АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескенін және осы айдың соңында БҰҰ Бас ассамблеясының аясында жеке-жеке талқылайтынын айтты.

- Біз S-400-дің қандай пакетін сатып алсақ та, сізден белгілі мөлшерде “патриот” зымырандарын сатып ала аламыз, бірақ кем дегенде S-400-ге сәйкес келетініне көз жеткізуіміз керек екенін айттым.  Ол(Трамп) «Сіз шын айтасыз ба?» деді, ал мен «иә» деп жауап бердім, - деді Ердоған 13 қыркүйек күні Reuters агенттігіне:

Анкара Вашингтонның ескертулеріне, өтініштеріне, тіпті қорқытуларына қарамай Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алған болатын. Қарудың алғашқы партиясы шілде айында жеткізілген болатын. Сол кезде НАТО оны F-35 жойғыш бағдарламасынан шығарып жіберген еді.

Ердоған Трампты жанжалды одан әрі өршітпеуге көндіре алатынына сенімді сияқты. Қалай дегенмен олардың арасында «өзгеше сенім» бар екенін байқалып қалды.

- Менің ойымша, АҚШ сияқты ел одақтасы Түркияға одан әрі зиян тигізгісі келмейді. Бұл ұтымды әрекет емес, - деді Ердоған Стамбулдағы Долмабахче сарайында агенттік тілшісіне.

Осыдан екі апта бұрын, Ердоған Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен бірге балмұздақ сатып алып жеп, түрік тілшілеріне егер АҚШ F-35 жобасына кіруге рұқсат бермесе, Анкара ресейлік жойғыш ұшақтарды сатып алады деп айтқан болатын.