Саясат
АҚШ-тың операциясы барысында өлтірілген
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ президенті Дональд Трамп Усама Бин Ладеннің ұлы Хамзаның АҚШ-тың «терроризмге қарсы операциясында» өлтірілгенін растады деп хабарлады “RT.COM” ақпараттық сайты. Бин Ладеннің қайтыс болуы мүмкін екені туралы осы жылдың басында хабарланған болатын.
«Хамза Бин Ладен, Аль-Каиданың “жоғары дәрежелі мүшесі” және Усама Бин Ладеннің ұлы, АҚШ-тың Ауғанстан / Пәкістан аймағында жүргізілген антитеррорлық операциясында өлтірілді» делінген Трамптың сенбі күні журналистерге жіберген мәлімдемесінде.
Хамзаның қайтыс болуы Аль-Каиданы «маңызды көшбасшылық қабілеттерден және әкесімен символдық байланыстан» айырды. Аль-Каиданың ішінде Бин Ладеннің баласы «түрлі террористік топтарды жоспарлау және жүргізуге» жауапты болып келген.
Хамза Бин Ладеннің әуе шабуылында қаза болғаны туралы алғаш рет шілде айының соңында хабарланған еді. Сол кезде Трамп бұл адамның АҚШ-қа «өте қауіпті» екенін айтып, бірақ қосымша мәлімет беруден бас тартқан болатын. Енді Хамзаның қайтыс болғандығы ресми расталғанмен, АҚШ-тың операциясы қашан және қайда болғандығы әлі белгісіз.
Хамза өзінің соңғы мәлімдемесін 2018-ші жылы «Аль-Каида» үгіт-насихат аппараты арқылы жасады, онда ол Сауд Арабиясын террористік шабуылдармен қорқытты және Саудия монархиясын құлатуға шақырды. Ол 11-ші қыркүйек шабуылының орналастырушысының ұлы, 1989-ші жылы Джиддада дүниеге келген. ФБР(FBI) оны көптен бері іздестіріп, оның қайда екендігі туралы ақпарат алу үшін 1 миллион доллар ұсынған болатын.
БАҚ-тың хабарлауынша, Хамза «Аль-Каиданың» тағы бір аға мүшесі Абдулла Ахмед Абдулланың қызынан туған. Абдулла Ахмед Абдулла, өзінің Абу Мухаммад аль Масри деген лақап атымен белгілі. Бұл адам 1998-ші жылы Кения мен Танзаниядағы елшілік жарылысындағы рөлі үшін іздестірілуде.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61