Bugin
Қандай мақсатта?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАуғанстанда екі полиция қызметкері 11 әріптесін атып өлтірді. Бұл туралы 14 қыркүйек күні «Интерфакс» агенттігі «Америка дауысы» ауған қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға бір күн бұрын Кандагар провинциясының Шах-Вали-Кот уезінің «Дамани» деп аталатын полиция бөлімшесінде болған: онда екі полиция қызметкері әріптестеріне қарай оқ атқан екен.
Қауіпсіздік қызметіндегі ақпарат көзінің хабарлауынша, полициялар жақында ғана жұмысқа алынған, бірақ олар Орталық Азияда тыйым салынған «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары болып шықты.
- Оқиға кеше кешкісін сағат 21:50-де болды, оқ атқандар қару-жарақ пен көліктерін алып қашып кетті, - деді дереккөз.
20 тамызда «Талибан» содырлары Кабулдың шетіндегі қыздар мектебін өртегені белгілі болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61