Саясат

Қытай полициясы Мьянма шекарасынан 60 келі апиын тәркіледі

Қандай жаза қолданады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында полиция қызметкерлері 60 келі есірткіні алып өтпек болған төрт күдіктіні ұстады. Операция ақпарат берушілерден алынған мәліметтер негізінде жүргізілді. Бұл туралы 15 қыркүйек, жексенбі күні Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

Тамыздың ортасында Тенчунь қаласының полициясына бір топ адамның қылмыстық әрекеттері туралы мәліметтер келіп түскен. Бұл қылмыстық топты бақылауға алған полицейлер қырқүйек айының басында Мьянма шекарасынан Қытайға өтпек болған бір күдіктіні үстап, одан 26 орама есірткі тапқан. Ал қалған үш күдіктіні қауіпсіздік қызметінің мамандары құрықтаған.  

Ал Қытайда есірткі тасымалдағаны үшін жаза ауыр, яғни, өлім жазасы.

30 сәуірде канадалық Фан Вэй Қытайда есірткі өндіргені және контрабандасы үшін өлім жазасына кесілгені туралы хабарланған.

2018 жылдың жазында Қытайда есірткі қылмысы үшін он адам өлім жазасына кесілді. Сол жылдың мамыр айында Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында Мьянманың екі азаматы есірткі сатқаны және полиция қызметкерін өлтіргені үшін өлім жазасына кесілді.

Осы орайда айта кеткен жөн, жерлесіміз Ақжарқын Тұрлыбай да есірткі алып өтпек болды деген айып тағылып, қытай абақтысына жабылды. Қазір апелляциялық соттың шешімін күтіп отыр.