Саясат

АҚШ: Түркия НАТО-ның аса маңызды серіктесі болып қала береді

АҚШ-тың әскери басшысы мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың Еуропа және Африкаға арналған әуе күштерінің қолбасшысы 13 қыркүйекте Түркия НАТО-ның маңызды серіктесі екенін және одақ Анкараны одақтас етуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы Hurriyetdailynews ақпараттық сайтына сілтеме.

- АҚШ НАТО-мен келісе отырып, Түркиямен Ресейдің S-400 зымыранға қарсы қорғаныс жүйесі туралы сөйлесті. Түркияның ішінде S-400 жүйесін орналастыратын жер жоқ, сондықтан біз өз жұмысымызды жалғастыра береміз. Бұл қысқа мерзімде шешіле қоятын мәселе емес, өте күрделі, - деді генерал Джеффери Л. Харригян баспасөз мәслихатында.

Ол әскери тұрғыдан Америка Құрама Штаттарының Түркиямен ынтымақтастығын жалғастыратынын, екі ел арасындағы ынтымақтастық әлі де өте күшті екенін атап өтті.

- Біз Сирия мен Ирак аймағындағы шиеленістерді шешу үшін күш салуымыз керек. Түрік әріптестеріміз бірге жасап жатқан жұмысымыздың жемісті боларына кепілдік беремін, - деді ол тағы да.

- Мен қай жерде отырсам да, менің міндетім - қазіргі уақыттағы Түркиямен берік қарым-қатынасымызды сақтауды қамтамасыз ету, - деп толықтырды Харригян.

Аданадағы Инжирлик әуе күштерінің базасы туралы сұраққа  Харригян  түрік базаларындағы екі елдің арасындағы достық пен бірлескен жұмыстар үлгі болуға лайық деп жауап берді.

Естеріңізге салсақ, 7 тамызда Түркия мен АҚШ әскери шенеуніктері Сирияның солтүстігінде қауіпсіз аймақ құруға және елге оралғысы келетін сириялықтардың қоныс аударуын жеңілдету үшін бейбітшілік дәлізін құруға келіскен болатын. Сонымен қатар олар бірлескен операциялар орталығын құратын болып уағдаласқан.

Келісімде Түркияның қарсылық білдіруіне сәйкес, кейде АҚШ-пен  одақтас болған террористік YPG/PKK аймағын тазарту және Түркияның қауіпсіздік мәселелерін шешу үшін қажетті қауіпсіздік шараларын жасау қарастырылған.