Саясат

Елдегі мәселе шешілу үшін тағы қанша адам құрбан болуы керек?

Тағы бір қайғылы оқиға орын алды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

15 қыркүйек күні кешкі сағат 19:20 шамасында Алматы облысы, Ақсеңгір-Шамалған теміржолында қайғылы оқиға болды. Кептелісте қалып қойған автобус жүрдек пойызбен соқтығысып, автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған жүргізушінің отбасына көңіл айтып, тергеу жұмыстарының басталғанын хабарлады.

Кеше болған оқиға оқыс оқиға емес, 20 жыл бойына айтылып келе жатқан түйіні шешілмеген мәселе. Жергілікті халық бұл жерде жол кептелісінің жиі болатынын, қайғылы оқиғалардың да куәсі болғандарын айтып отыр. Бұдан бөлек, халық облыс әкімі Амандық Баталовтың келуін талап етті. Айта кету керек, автобуста сол кезде 67 адам болған.

Арыстағы жарылыс

Осы жылдың 29 маусымында таңғы сағат 9:20 кезінде Арыс қаласындағы әскери қоймада жарылыс болып, 3 адам қаза тапты.

Бұл мәселенің де көтеріліп келе жатқанына 10 жылға жуық уақыт болды. Алайда үкімет ешқандай қауіпсіздік шарасын жасамаған. Президент өзі арнайы келіп, жергілікті халықпен кездескен де болатын.

Бес сәбидің қазасы

2019 жылдың 4 ақпанында Елордада бес бірдей сәби өртке оранып, қаза тапты. Министрліктің берген мәлімдемесі бойынша, өрт қауіпсіздік ережелері сақталмаған.

Бір жылдың өзінде қанша ма адамның қазасын, жарақат алғандардың зарын тыңдап келе жатқан мемлекеттің берген жауабы: «қарастырып жатырмыз», «табиғи апат», «тергеу жұмыстары басталды».

Осы үш мәселеге қарасаңыз, қанша жылдан бері көтеріліп келе жатқан шудың жылы күйінде жабылып қалуынан туындап отыр.

Келесі мәселені шешу үшін тағы да қайғылы оқиғаны бастан кешуге тура келе ме..? 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61