Экономика
Сот ісі бірнеше жылға созылған болатын
Google компаниясы француз билігімен салықтық шағымдардан босату үшін сотқа дейінгі келісімге келді. Оның құны $1 млрд болды, деп хабарлайды euronews.com. Компания 500 млн еуро айыппұл және тағы 465 млн еуро салық берешегі есебін төлеуі тиіс.
Оның орнына Қаржы министрлігі бірнеше жылға созылған салық төлеуден жалтару ісі бойынша корпорацияға наразылықтан бас тартады.
Бұған дейін Google-ға Еурокомиссия үш рет айыппұл салды: жалпы алғанда компания нарықтағы үстем жағдайды теріс пайдалану және монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 8 млрд еуродан астам айыппұл төлеуге міндеттеген болатын.
Корпорация басшылығы салауатты бәсекелестік пен еркін нарық идеяларын ұстанатындықтарын мәлімдеп, бұл талаптарды үзілді-кесілді қабылдамаған еді.