Саясат

Сауд Арабиясындағы мұнай объектілеріне дрондар шабуыл жасады

АҚШ пен Иран арасы тағы шиеленісе түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Абкайка мен Хураис нысандарына жасалған дрон шабуылы әлемнің ірі мұнай өндіруші елдерінің бірінде мұнай өндіру деңгейін екі есе қысқартты және АҚШ пен Иран арасындағы шиеленістің өсуіне алып келді, деп хабарлайды bbc.com.

Жексенбіде Иранның сыртқы істер министрі Джавад Зариф Вашингтонды Мемлекеттік департамент басшысының Иран Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымына шабуыл ұйымдастырды деген мәлімдемесіне жауап ретінде айыптады.

- Иранның атына айып тағу – Йемендегі апатты тоқтатпайды, - деп түсіндірді Иранның СІМ басшысы АҚШ мемлекеттік хатшысының сөзіне.

Сенбі күні кешке Сауд Арабиясының екі маңызды нысаны, соның ішінде әлемдегі ең ірі мұнай өңдеу зауытына дрондармен шабуыл жасалды, соның салдарынан корольдіктегі мұнай өндірісі тәулігіне 5,7 миллион баррель қысқарды. Бұл елдің жалпы мұнай өндірісінің 50% құрайды.

Жауапкершілікті хуситтік йемендік көтерілісшілер өз мойнына алды, олар болған оқиғаның бірқатар егжей-тегжейін айтып берді. Бірақ мемлекеттік хатшы Майк Помпео шабуылдан кейін көп ұзамай шабуылдың артында Тегеран тұрғанын, ал Йемен жақтан дрондардың ұшып келгенін ешқандай дәлел растамайтындығын алға тартты.

АҚШ Тегеранды аймақтағы мұнай инфрақұрылымына жасалған бірнеше шабуылға кінәлі деп санайды. Дональд Трамптың Иранға қарсы санкцияларды қайта қабылдау туралы шешімі аясында елдер арасындағы шиеленіс күшейе түсуде.

- Максималды қысым көрсету міндетін орындай алмаған Помпео максималды алдауға көшті. Иранның атына айып тағу апатты аяқтамайды. Егер біздің 2015 жылғы сәуірдегі келіссөздерді бастау туралы ұсынысымыз қабылданса ғана, бұл шиеленісті тоқтату мүмкін болады, - деп жауап берді Джавад Зариф Помпеоның Twitter-дегі мәлімдемесіне.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61