Bugin

Әкім Шамалған жайлы: Ол жерге көпір тұрғызу мүмкін емес

Сабыр ету қажет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шамалғанда болған оқиғаға қатысты пікір білдірген Алматы облысы, Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев бұл өткелде көпір салуға мүмкіндік жоқ екендігін айтады.

- Хабар президентке де жетті. Сабыр етіңіздер! Бұл жерде көіп болмайды. Бізде көпірдің сызбасы бар. Жоба бойынша көпір бұл жерден 600-700 метр алыста болуы тиіс. Ал бұл жерде жаяу жүргіншілер жолы ғана болады. Ертең парта әкеліп, сызбаны көрсетіп, барлығына түсіндіретін боламыз, - дейді Далабаев.

Оның сөзіне қарағанда, көпір сала салу әкімнің қолынан келе қоятын шаруа емес.

- Сейсенбі күні бүкіл ауыл болып келіңіздер бізге. Бәрін түсіндіреміз. Көпірдің құрылысын тез арада бастаймыз, уәде беремін. Көпірдің жобасы қандай болады, қашан бітеді – бәрін ертең айтамын, - деді ауыл әкімі.

Айта кеткен жөн, кеше Алматы облысының Шамалған өткелінің маңында рельсте тұрып қалған жолаушылар автобусын пойыз келіп қағып, бір адам мерт болған еді. Тағы 9 адам жарақат алды.

Куәгерлердің айтуынша, автобустың жүргізушісі пойыз алыстан сигнал беріп, ескертпе жасаса да, көліктің есігін аша алмай есеңгіреп қалған.

Ал ауыл тұрғындарының бұл жерде көпір салу керек деп айтып жүргеніне ұзақ жылдар болған.

Zakon.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61