Саясат
Дәрігерлер үш науқастың өмірі үшін күресуде
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚарасай аудандық ауруханасында 33 жастағы әйел, үш және бес жастағы балалар жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
"Қазір олар жансақтау бөлімінде. Әзірге зардап шеккендердің жағдайы өзгерген жоқ", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Балалардың жағдайы туралы не белгілі
2016 жылы туған бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алды, оның миына ауыр дәрежеде зақым келген және сол жақ өкпесі жарақаттанған.
"Кома 2-3. Жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", - дейді дәрігерлер.
2014 жылы туған балаға да жабық бас сүйек-ми жарақатын алған, миына ауыр дәрежеде зақым келген деген диагноз қойылды, маңдай-самай сүйегі сынған. Ол да комада жатыр.
Зардап шеккен әйел қандай жағдайда
Дәрігерлер 1986 жылы туған әйелдің өмірі үшін күресіп жатыр. Оның миы шайқалған, сондай-ақ оң жақ иық сүйегінің төменгі бөлігі сынған. Бұғанасы мен жауырынын жарақаттаған.
"Бірінші дәрежелі травматикалық шок алған, жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.
Шамалғандағы трагедия
15 қыркүйекте сағат 19.08-де Алматы-Шамалған аралығындағы реттелетін теміржол өткелінде болған. № 43 Алматы-Қостанай пойызы "Сетра" жолаушылар автобусымен соқтығысты.
Апат салдарынан автобус жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, автобустың үш жолаушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 344-бабы 2-бөлігі "Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігімен жүру немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұл бап бойынша кінәлі жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.