Саясат
Экс-әкімді Бақытжан Сағынтаев марапаттады
Алматы күніне орай Бауыржан Байбекті қаланың қазіргі әкімі Бақытжан Сағынтаев марапаттады.
Бауыржан Байбекке бұл маратапат Алматы қаласының дамуына қосқан үлесі үшін берілген екен.
Бауыржан Байбек 2015 жылдан бастап Алматы әкімі болып жұмыс істеді. Ол әкім болған 4 жылда қала көшелері мен жолдар жөндеуден өткізілді. Қаладағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың қоршаулары бұзылды. Трамвай желісі жабылды. Универсиада өтті. Әл-Фараби даңғылындағы жол жүрі жылдамдығы 60 км/сағатқа дейін шектелді т.б.