Саясат
АҚШ-пен үлкен соғысқа дайын екендігін мәлімдеді
АҚШ Иран қашан шабуыл жасайды деп зерттеп жатқанда, Тегеран болса, АҚШ нысандарына зымыран жібереміз деп қорқытып отыр, деп хабарлайды strana.ua.
Ислам революциясы Күзеті корпусының Әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы Әмір Әли Хаджизаде АҚШ-тың әскери объектілеріне парсы зымырандары емін-еркін жететінін айтып отыр.
- Ираннан 2 мың шақырым радиуста орналасқан америкалық әскери базалар мен әуе тасымалдаушылар біздің зымырандарымыздың қол жетімділігі шегінде екенін бәрі білуі тиіс, - деп мәлімдеді бригадалық генерал.
Әмір Әли Хаджизаде өз елі «толыққанды соғысқа» әрқашан дайын екендігін атап өтті.
Вашингтон Тегеранды Saudi Aramco Сауд ұлттық мұнай компаниясының зауыттарына жасалған дрондардың шабуылына қатысы бар деп айыптағаннан кейін Америка-Иран қарым-қатынасының кезекті күрт шиеленісуі орын алған болатын.
Шабуыл үшін жауапкершілікті Йемендік көтерілісшілер-хуситтер қарулы тобы өз мойындарына алды. Өз кезегінде Тегеран Вашингтонның айыптауларын жоққа шығарып, оларды «негізсіз, түсініксіз және абсурд» деп атады.