Саясат
Тұтқындаулар шілде-тамыз айларында болған
Қытай билігі ондаған қазақ жігіттерін тұтқындап, түрмеге жапқан. Оларға "Қазақстан әнұраны және қазақ әндерін әлеуметтік желілер арқылы таратты" деген айып тағылған.
Қытайда бүгінгі таңда 1,5 млн қазақ өмір сүреді. Соңғы уақытта саны аз ұлттарға қысым артып отыр. Іле аймағының құқық қорғау өкілдері "шетел фильмдерін, әндерін заңсыз таратты" деген желеумен отызға жуық этникалық қазақты қамауға алған. Олардың арасында 19 жастағы Қастер Борат есімді қазақ жігіті Қазақстан әншілерінің әндерін әлеуметтік желілер арқылы таратқаны үшін 15 жылға сотталған. Қастер жақында ғана мектеп бітірген болатын.
- Барлық тұтқындаулар шілде және маусым айларында болғаны белгілі болып отыр. Жазықсыз тұтқындалғандарға сот процесі жүріп, оның нәтижесі туыстарына бір аптадан кейін бірақ айтылған, - дейді Radio Free Asia электронды басылымы.