Weekend
"Арнау" тобының экс-әншісі
"Сене алар емеспін. Ардақты ағайын... Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де менде естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық... Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз Жанар Хамитова! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын...", - деп жазды Әбу Кай.
Ал Анна Данченко Жанар Хамитовамен түскен суретін жариялап, "Сене алар емеспін... Иманды болсын" деген жазба қалдырған.
Айта кетейік, Жанар Хамитова Super Star KZ жобасына қатысқан болатын. Бұл жобадан кейін Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" тобында ән айтып, танымал болған еді.