Саясат

Тунис: сайлаудың екінші турына заңгер мен медиамагнат шықты

Жастардың сайлауға деген қызығушылығы аз

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Тунис президенттік сайлаудың екінші турын күтуде. Экзитполдардың мәліметіне сәйкес, бірде-бір кандидат 50%-дан артық дауыс жинаған жоқ, деп хабарлайды euronews.com.

Бірінші айналымда жеңіске үміткерлер қатарында болмаған тәуелсіз антижүйелік үміткер Кайс Саид көш бастап тұр.

Заңтану профессоры 19%-дан астам дауыс жинады, ал медиамагнат Набил Каруи одан 4%-ға ғана артта келеді. Соңғысы тергеу үстінде және қамауға алынды. Ол ақшаны жылыстатуды, сыбайлас жемқорлықты және салық төлеуден жалтарды деп айыпталуда.

Исламист Абдельфаттах Муру шамамен 11% дауыс жинады.

Сайлауға қатысу үшін өз қызметтерін тастап кеткен Ұлттық қорғаныс министрі Абдель Карим әл-Збиди (9,4%) және үкімет басшысы Юсеф Шахед (7,5%) көшбасшылар бестігін жабады.

Ресми мәліметтерге сәйкес, сайлаушылардың қатысуы 45%-ды құрады.

Бақылаушылардың пікірінше, сайлауға келудің төмендігі жастардың сайлауға деген қызығушылығының аздығымен байланысты, ал әйелдер қауымы сайлауда ең белсенді болды.

Сайлаудың алғашқы айналымы бастапқыда 17 қарашаға жоспарланған болатын, бірақ мемлекет басшысы Беджи Каид Эс-Себсидің қайтыс болуына байланысты Орталық сайлау комиссиясы мерзімінен бұрын дауыс беруді ұйымдастыруға шешім қабылдады. Алдын ала нәтижелерді 17 қыркүйекте жариялау жоспарлануда.

Президенттік сайлаудың екінші туры 13 қазаннан кешіктірілмей өтеді.