Weekend
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы туған ауылында қайтыс болған
Ведомствоның баспасөз қызметі әншінің көз жұмғанын растап, қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Жанар Хамитованың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тергеу қылмыстық кодекстің 105 бабының 1-тармағы (Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу) бойынша жүріп жатыр.
"Оқиғаның мән жайын анықтап жатырмыз", - деді полициядағылар.
Айта кетсек, бүгін "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитованың Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы туған ауылында көз жұмғаны белгілі болды.