Bugin

Жанар Хамитова жайлы не білесіз?

Соңғы жұмыс орны - Сивидің мейрамханасы еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Арнау» тобының экс-солисті, SuperStar.kz жобасының жеңімпазы Жанар Хамитова Қарағанды облысында қайтыс болды. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта әнші өлімі бойынша тергеу жүріп жатыр екен. 

- Бұл факт тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - деп атап өтті департамент қызметкерлері.

Олар сонымен бірге тергеу барысы туралы ешнәрсе айта алмайтындықтарын жеткізді.

Еске сала кетсек, бүгін әнші Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы ақпарат бүкіл әлеуметтік желіге таралған еді. Оған қоса шоу-бизнестегі Жанардың достары да оны еске алып, посттар салып жатыр. Әнші Жанар Хамитова 2008 жылы Super Star KZ жобасына қатысқаны үшін елге танымал болғаны бәрімізге белгілі. Жобадан соң ол China Town қыздар тобының жетекші әншісі болды. Алайда оған нағыз танымалдылық әкелген Нұржан Керменбаевпен бірігіп құрылған «Арнау» дуэті болатын. Дегенмен Жанардың жеке өміріндегі өзгерістерге байланысты музыкалық топ тараған еді. 

Сонымен қатар 2009 жылы 18 жастағы әнші өзінің күйеуімен бірге шетелге кетті. Және де өткен өмірімен қош айтысқан болатын. Кейіннен Жанардың айтуы бойынша, күйеуі оған туысқандары арасындағы шиеленісте шешуіне көмектескенін байқаймыз. Оған қоса ол жұбайына өз ризашылығын білдірген болатын. Жанар мен күйеуінің екі баласы бар.

Ерлі-зайыптылар алғашында Америкада, одан соң Амстердамда тұрған. Отбасының  толыққанды өмір сүрген соңғы елі - Түркия. Содан кейін БАҚ қызметкерлері әншінің күйеуі бай және ықпалды адам деп жазған болатын. Бірақ та оның бәрі шындық болмай шықты.

2018 жылдың қыркүйегінде  Жанардың күйеуі ұлдарын өзіне қалдырып, оны үйден қуып шығарды. Ал әншіге бөтен елде өмір сүру үшін біршама дүниелерді жасау керек болады. 

Күйеуінен ажырасқаннан кейін, Жанар кез келген табыс табу жолын іздейді. Ол тіпті Түркиядағы тұрақтарды сыпырып, күтуші ретінде қызмет істеп ақша табуға мәжбүр болған. Оған қоса көршілерінің үйін тазалаумен айналысқан. Қазақстанға оралғаннан кейін болса, ыдыс жуушы болып жұмыс істеген. Осы орайда оның өзін-өзі бірнеше рет өлтіруге тырысқанын да естуімізге болады. Вена тамырын кесіп, өзіне қол жұмсағысы келген екен.

Жақында ол өзінің шығармашылық мансабын қайта бастап келе жатқан-ды. Оны құтқаруға алғашқылардың бірі болып Сиви Махмуди көмектесті. Сиви оған мейрамханада әнші ретінде жұмыс жасауға ұсыныс жасаған еді. Көп  ұзамай продюсер мен оның қамқоршысы ынтымақтастықты тоқтатқаны белгілі болды. Соңғы сұхбаттарының бірінде Хамитова өзінің денсаулығына қамқорлық жасау және психологпен кеңесу керек екеніндігін мойындады. 

Сөз соңында, әншінің қайтыс болу себебі әлі белгісіз екенін.